Павлодар облысында мектеп кітапханаларының трансформациясы талқыланады

Павлодар облысында мектеп кітапханаларының трансформациясы талқыланады

Өңірде гуманитарлық цикл пәндері мен кітапханашыларға арналған облыстық форум ұйымдастырылады.

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп кітапханаларының трансформациясы» тақырыбында форум өткізбек.

- Форумда мектеп кітапханаларының жаңа жұмыс формасын анықтау бойынша жүйелі іс-шаралардың проблемаларын және оларды шешу жолдары талқыланады. Конференцияның ерекшелігі кітапханашылар мен ақпарат жеткізушілер арасында ғылым мен білімге қатысты ақпараттық өнімдер мен қызметтері туралы бетпе-бет экспресс-байланыс болады,-дейді ұйымдастырушылар.
Форумға ғалымдар мен белгілі тренерлері, НЗМ оқытушылары, жалпы білім беру мектептерінің директорлары, гуманитарлық пәндер мұғалімдері және мектеп кітапханашылары алты секция бойынша қатысады.

Айта кету керек, қазіргі таңда облыс мектептерінде «Кітап оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мектеп кітапханалары «Заманауи мектеп» жобасы аясында коворкинг орталығы бар жаңа сипатқа ие болуда.