Павлодар мектебі халықаралық байқау кубогының иегері атанды

Павлодар мектебі халықаралық байқау кубогының иегері атанды

Аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойына арналған «Бауыржан оқулары» халықаралық байқауының қорытындысы бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ оқушылары кубок пен 3 жүлделі орынға ие болды. Байқаудың ұйымдастырушысы Қостанай қаласының білім бөлімі болды.
Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында байқауға Қазақстанның 32 мектебінен, Мәскеу қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы № 1912 мектептен113 оқушы қатысты. Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: «Жас автор», «Жас оқырман», «Суретші-иллюстратор», «Жас оператор».
«Жасқаламгер» номинациясында 22 қатысушы ішінен өз шығармасы бар өлеңдер сайысында 7 сынып оқушысы Амангелді Әсемгүл «Бауыржан Момышұлына арнау» авторлық өлеңі үшін II орынды иеленді.
«Көркем сөз оқушы» номинациясы бойынша Бауыржан Момышұлының шығармаларын мәнерлеп оқу сайысында 33 қатысушы ішінен 5 сынып оқушысы Хамитова Амина «Ұшқан ұя» повесінен үзінді жатқа оқығаны үшін II орынды иеленді.
«Суретші-иллюстратор»номинациясында Бауыржан Момышұлының шығармаларына иллюстрациялар бойынша 33 қатысушы ішінен «Мәскеу түбіндегі шайқас» суреті үшін 5 сынып оқушысы Азим Юлтанов II орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қостанай қаласының білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.