Павлодарлық студент халықаралық байқауда жеңіске жетті

Павлодарлық студент халықаралық байқауда жеңіске жетті

2021 жылғы 8-9 қаңтарда «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреті бойынша халықаралық достық чемпионаты өтті. Ақпараттық технологиялар колледжінің түлегі Афанасьева Дина дүбірлі додада жоғары нәтиже көрсетті. Айта кету керек 2019 жылы Дина WorldSkills аймақтық және ұлттық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы атанған еді. Бүгінгі күні Ақпараттық технологиялар колледжінің түлегі әлемдік конкурстарға қатысқан (Ресей, Үндістан және т.б.) алдағы EuroSkills-2021 еуропалық чемпионатына қатысу үшін іріктеу кезеңінен өтті. Өңірлік сарапшы Т.Т. Жалпақовқа (Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы) және ұлттық сарапшы А. О. Зиядановаға (ҰАТ АҚ) алғысымызды білдіреміз. Динаға олимп шыңына жету жолында толағай табыс тілейміз!