Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия қаңтар айының 11-25 аралығында онлайн форматта идеялар фестивалін ұйымдастырады. Фестивальдің басты мақсаты дарынды балаларды қолдау. Фестиваль #elonmuskpvl хэштегімен өтеді.
- Кез келген мектеп немесе колледж оқушылары әлеуметтік желілерде #elonmuskpvl хэштегін жазу арқылы өзінің ғылыми жаңалығын, жобасын жариялайды. Материалдарды фото немесе видео, қарапайым пост форматтарында жариялауға болады. Ең үздік 10 жоба, ғылыми жаңалық арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады. Техника, ІТ, робототехника саласындағы жұмыстар ғана емес гуманитарлық бағыттағы ғылыми жаңалықтарды да фестивальде қатыстыруға болады,-дейді директордың дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Бағдәулет Асанұлы.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша #elonmuskpvl хэштегін қолданудағы мақсат балаларды Илон Маск секілді жаңалықтар ашуға ұмтылдыру. Айта кету керек мұндай онлайн discoveries фестиваль облысымызда алғаш рет ұйымдастырылмақ.