Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 23 желтоқсанда онлайн режимде математика, Қазақстан тарихы, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді.
Қорытынды кезеңге Павлодар облысынан облыстық кезеңде ең жоғары нәтиже көрсеткен 24 оқушы қатысты.
Шара қорытындысы бойынша жүлделі орынға 21 оқушы ие болды: І орын – 4; ІІ орын – 9, ІІІ орын – 8.
Математика пәнінен:
Павлодар қ. №2 ЖОББМ 5 сынып оқушысы Сатенова Данель және дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Березина Софья – ІІ орын; Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Сұнғат Жамиля – ІІІ орын.
Қазақстан тарихы пәнінен: Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 6 сынып оқушысы Маратова Аружан – ІІ орын; Ақсу қаласы мамандандырылған гимназиясының 6 сынып оқушысы Саду Ислам – ІІІ орын.
Жаратылыстану пәнінен: Ақсу қаласы Қалқаман ЖОББМ 5 сынып оқушысы Куприянова Виктория – І орын; Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Кварацхелия Давид және 6 сынып оқушысы Богурев Илья – ІІ және ІІІ орын; Ақсу қаласы мамандандырылған гимназиясының 6 сынып оқушысы Атақан Динмұхамед – ІІІ орын.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен: Павлодар қ. Б.Момышұлы ат. №22 ЖОББМ 5 сынып оқушысы Хамитова Амина – І орын; Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 6 сынып оқушысы Рахимбаева Жадыра және №2 ЖОББМ 5 сынып оқушысы Матабаева Альфия – ІІ орын; Ақсу қаласы Үштерек ЖОББМ 6 сынып оқушысы Сейсенханқызы Жансая – ІІІ орын.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен: Аққулы ауданы Баймульдин атындағы ЖОББМ 5 сынып оқушысы Смагулова Наргиз – І орын; Павлодар қ. №39 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Байгужинов Рамиль – І орын; Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 5, 6 сынып оқушылары Мусинян Джульетта және Барышев Егор – ІІ орын.
Ағылшын тілі пәнінен: «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 5 сынып оқушысы Қазден Арман – ІІ орын; Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 6 сынып оқушысы Жастілек Рахман – ІІІ орын; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 5, 6 сынып оқушылары Журавлева София және Бектурсын Дария – ІІІ орын.