Халықаралық балалар суреттері көрмесінің жүлдегерлері

Халықаралық балалар суреттері көрмесінің жүлдегерлері

Словакияның Стреда Дунайск қаласында өткен «Цытноостровские пастельки – 2020» атты балалар суреттерінің халықаралық көрмесіне Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 35 оқушысы өз жұмыстарын ұсынды. Байқау тақырыбы еркін. Көрмеге Бангладеш, Болгария, Чехия, Қытай елдерінің балалары қатысты.
Көрме қорытындысы бойынша павлодарлық үш оқушы осы байқаудың жеңімпаздары атанды. Гуашьпен орындалған «Мысық» жұмысы үшін Георгий Шапов, 6 жас, аралас техникада орындалған «Теңізші» жұмысы үшін, София Пфлюг, 4 жас, педагог Лариса Алексеевна Кузнецова, гуашьпен орындалған «Қайың орманында» жұмысы үшін, Елизавета Губенко, 6 жас, педагогі Лариса Борисовна Илларионова байқау медалімен марапатталды.
- Бұл балалардың барлығы өте белсенді, эмоционалды, шынайы және ашық екенін айта кету керек. Балалардың ашықтығы мен қиялы, олардың суреттерін жасауға көмектеседі, олардың әрқайсысын жауһар деп атауға болады. София кескіндемеде ерекше, түс сезімі бар. Георгий графикалық материалдармен керемет сурет салады және пластилинмен кереметмүсіндейді. Ал Елизавета барлық техникада өзін сынап көруді ұнатады және ол өте жақсы жұмыс істейді, - дейді олардың мұғалімдері.