Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығы мәселелері талқыланды

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығы мәселелері талқыланды

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері онлайн режимінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш буын арасындағы оқыту, дамыту, тәрбиелік міндеттерді ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар–практикум өткізді.

Педагогтер мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, болашақ бірінші сынып оқушыларын дайындаудағы ынтымақтастық пен серіктестік мәселелерін талқылады, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын мұқият іріктеу, сондай-ақ мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту әдістерінің ауқымын кеңейту туралы ұсыныстар алды.