«Тәуелсіздік ұланы» бір реттік ақшалай сыйлығын тағайындау конкурсының облыстық кезеңіне құжаттарды қабылдау аяқталады

«Тәуелсіздік ұланы» бір реттік ақшалай сыйлығын тағайындау конкурсының облыстық кезеңіне құжаттарды қабылдау аяқталады

«Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысы келесі номинациялары бойынша беріледі:

  • «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі»;
  • «Кәсіби шеберлік (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін)»;
  • «Шығармашылық шеберлік»;
  • «Спорттық шеберлік»;
  • «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет».

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

I кезең – аудандық / қалалық

II кезең – облыстық (қорытынды).

Қалалық және аудандық білім беру бөлімдері, мамандандырылған, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары I кезең жеңімпаздарының облыстық кезеңге қатысуға арналған құжаттарын (портфолиосын) 2026 жылғы 26 қыркүйекке дейін тапсыруы қажет.

Республика күні қарсаңында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысының иегерлері іс-шара қорыдындысы бойынша 100 жеңімпаз төсбелгімен және 50-еселі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақымен марапатталады.