«БОЛАШАҚ ЗАҢГЕР» — ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА

«БОЛАШАҚ ЗАҢГЕР» — ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА

Бүгін Малыбай орта мектебінің базасында «Болашақ заңгер» клубының кезекті отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру аясында өткізіліп, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға және жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

Кездесу барысында клуб мүшелері құқықтық тақырыптар бойынша өз білімдерін толықтырып, түрлі жағдаяттарды талқылады. Қатысушылардың сыни ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, құқықтық мәселелерге талдау жасау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

Отырыстың маңызды бөлігі дөңгелек үстел форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, клуб мүшелері арасында танымдық-құқықтық викторина ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады.

Іс-шара барысында оқушылардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды.

«Болашақ заңгер» клубының жұмысы — жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың заңға деген құрметін арттыруға, жауапты азаматтық ұстанымын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Бүгінгі жас — ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі. Сондықтан құқықты білетін, заңды құрметтейтін және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу — ортақ міндет.

Заңды білу — өз құқығыңды қорғау.

Заңды құрметтеу — қоғамға деген жауапкершілік!