
Бүгін Павлодар облысында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің бірінші күні басталды.
Слетке еліміздің өңірлерінен 180 білім алушы мен 40 жетекші қатысуда. Алғашқы күн туристік, зерттеу және мәдени-танымдық бағыттағы іс-шараларға арналды.
Қатысушылар спорттық бағдарлау, туристік кедергілер жолағы, зерттеу жобалары бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, Павлодар өңірінің тарихи-мәдени нысандарымен танысты.
Республикалық слет жас туристердің тәжірибе алмасуына, командалық жұмыс дағдыларын дамытуына және туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруға мүмкіндік береді.