«ҚР ТОП 100 студенті» республикалық жобасының қорытындысы

«ҚР ТОП 100 студенті» республикалық жобасының қорытындысы

27 қарашада «ҚР ТОП 100 студенті» республикалық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Облыс колледждерінің студенттері жобаға екінші жыл қатысып келеді. Биыл жеті колледжден 8 студент республикалық кезеңнің жүлдегерлері атанды. Конкурс қорытындысы бойынша ағымдағы оқу жылының 2 түлегі облыстың қала құраушы кәсіпорындары — «Қазақтелеком» ҰК АҚ және «Нефтехим LTD» компаниясы ЖШС-на жұмысқа орналастырылды. Жобаның барлық жеңімпаздары Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен, алғыс хаттармен және Павлодар облысы білім басқармасының бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Барлық жүлдегерлерге кәсіби биіктерге жетуді тілейміз!