Болашақ аспазшыларға демонстрациялық емтихан ұйымдастырылды

Болашақ аспазшыларға демонстрациялық емтихан ұйымдастырылды

Павлодар технологиялық колледжінде «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан өткізілді. Демонстрациялық емтиханға «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша 4 курстың 5 студенті қатысты.
Тапсырмалар мен бағалау құжаттарының кешенін колледж оқытушылары «Talap» КЕАҚ-мен бірлесіп әзірледі. Тапсырма 3 модульден тұрды.
Бас сарапшы ретінде «GQ» рестобарының бас аспазы Валерий Пирогов шақырылды.
WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан студенттер мен түлектердің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына және жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін білім, білік және дағды деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.