Сабақты тоқтату туралы ақпарат Telegram-арнада орналастырылатын болады

Сабақты тоқтату туралы ақпарат Telegram-арнада орналастырылатын болады

Павлодар қаласының орта білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату туралы ақпарат https://t.me/uopvl Telegram-арнада 1 ауысым үшін сағат 7.15-те, 2 ауысым үшін сағат 12.15-те орналастырылатын болады.
Білім сапасының төмендеуіне жол бермеу, оқу бағдарламаларының толық көлемде өтуі мақсатында ҚР БҒМ 2016 жылғы 18 қаңтардағы «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» №42 бұйрығына сәйкес штаттық оқыту режимі бар мектептер мен «кезекші» сыныптарда сабақтар тоқтатылған кезде сабақтар қашықтық форматта өткізілетін болады.