Шабар ауылында «Абай мұрасы» кабинеті ашылды

Шабар ауылында «Абай мұрасы» кабинеті ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Аққулы ауданының Шабар ауылында «Абай мұрасы» кабинеті салтанатты түрде ашылды. Ұлы ойшылдың мұрасына арналған шағын мұражай Абай атындағы негізгі мектеп базасында құрылған.
Жаңа кабинеттің жұмысын мектепішілік «Абай оқулары» мәнерлеп оқу байқауы бастады. Ашылу салтанатында байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.