
Павлодар облысы, Май ауданының 25 оқушысы Курчатов қаласында өткен «Жас физик – 2026» жазғы мектебіне қатысып, ғылым әлеміне саяхат жасады.
Үш күн бойы жас зерттеушілер сутегі технологиялары, Жердің магнит өрісі мен радиация тақырыптарында дәрістер тыңдап, зертханалық тәжірибелерге қатысты. Сонымен қатар ғылыми орталықтар мен ядролық сынақтарды бақылау нысандарын аралап, танымдық, зияткерлік және спорттық шараларда белсенділік танытты.
Осындай жобалар оқушылардың ғылымға қызығушылығын оятып, зерттеушілік қабілетін дамытып, болашақ мамандығын саналы таңдауға жол ашады. Май ауданының білім беру бөлімі Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына жас ұрпаққа тағылымы мол мүмкіндік сыйлағаны үшін алғыс білдіреді. Осындай игі серіктестік алдағы уақытта да жалғасын тауып, ғылымға құштар жастардың қатарын арттыра беретініне сенім мол.