Павлодар обылсы, Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында орналасқан «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері – демалыс пен тәрбиені, білім мен шығармашылықты ұштастырған ерекше орта.
«Адал ұрпақ – жарқын жаз» білім беру-сауықтыру бағдарламасы аясында лагерь тәрбиеленушілері Қоңырәулие үңгірі, Найзатас таулары, Кемпіртас, Әулиебұлақ пен Сарыадыр бұлақтарына танымдық саяхат жасап, өңір тарихымен танысуда. Сонымен қатар Қ.И. Сәтбаев пен С.Торайғыров музейлеріне, ауылдық кітапханаға экскурсия жасап, Сабындыкөл жағалауында сауықтыру шараларына қатысуда. Балаларды кешкі мәдени бағдарламалар, квесттер, зияткерлік ойындар, пікірсайыстар, шығармашылық кештер және «Шырақ жанындағы әңгіме» атты ерекше кездесулер күтеді.
Бізге «Балдәурен» лагеріндегі әр күн ерекше әсер сыйлауда. Табиғат аясындағы саяхаттар, қызықты ойындар мен жаңа достар осы жазды ұмытылмас етті. Мұнда біз демалып қана қоймай, көп нәрсе үйреніп жатырмыз!,- дейді лагерь тәрбиеленушілері.
«Біртұтас тәрбие: Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылған бағдарлама балалардың азаматтық жауапкершілігін, шығармашылық қабілетін, салауатты өмір салтын және ұлттық құндылықтарға құрметін қалыптастыруға бағытталған.
«Балдәурен» – жай ғана лагерь емес, бұл – жаңа достар, жарқын әсерлер мен бақытты балалық шақтың мекені!