Павлодар облысының білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шаралар өтті.
Олар үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылды: «Балалықты бірге қорғау», «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы - бақытты ел», «Тәуелсіз елдің ұрпағы».
Білім беру мекемелерінде балалық шақтың өзекті мәселелерін талқылауға арналған «Дөңгелек үстелдер» өткізілді, телеарналарда көп балалы отбасылардан шыққан балалар, оқушылар-зияткерлік, шығармашылық конкурстардың жүлдегерлері, олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары туралы сюжеттер көрсетілді.
Екібастұз, Ақсу білім бөлімдері психологтардың, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау, ЖИТС орталығы мамандарының қатысуымен құқықтық тақырыпта онлайн-консультациялар ұйымдастырды.
Ұйымдастырылған іс-шаралар қоғамның назарын кішкентай азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің басымдығына, сондай-ақ балалар мен ересектер әлемі арасындағы өзара түсіністік қажеттілігіне аударуға көмектесті.
Павлодар облысында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу игі дәстүрге айналды.