БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша Дүниежүзілік балалар күні 1956 жылдан бастап бүкіл әлемде жыл сайын 20 қарашада атап өтіледі. Мұндай шешім 1954 жылы №836 (IX) қарарға сәйкес қабылданды, ал 1959 жылы бұл күні "Бала құқықтары декларациясы", сондай-ақ 1989 жылы "Бала құқықтары Конвенциясы"бекітілді. Бала күнінде көптеген ұйымдар, қорлар мен компаниялар мұқтаж балаларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акцияларын өткізеді.