Оқушылар мейірімділік пен қайырымдылық туралы бейнероликтер жазды

Оқушылар мейірімділік пен қайырымдылық туралы бейнероликтер жазды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы «Менің кіші Отаным» атты бейнероликтер конкурсын өткізді. Оған Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 12 командасы, 8-11 сынып оқушыларының 65 - і қатысты.

Балалар «Визит карточкасы», «Кім, егер біз болмасақ», «Туған елім-мекенім» бағыттары бойынша 3 минуттық патриоттық бейнероликтер жазды.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды №27 мектептің «Жақсылық жаса» командасы иеленді. II орын №24 мектептің «Еріктілер - өз еліне» командасында, III орын - №40 мектептің «Эко Бум» командасы иеленді.
Балалар өз сюжеттерінде волонтерлік топтардың әлеуметтік белсенді қызметін, өскелең ұрпақтың қайырымдылыққа және игі істеріне деген көзқарасын көрсетті.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болды.