Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы "қашықтықтан оқытуға арналған цифрлық платформалар: мәселелері мен болашағы" тақырыбында өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырды.
Педагогтер қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану сабақтарында дәстүрлі емес оқыту түрлерін енгізу тәжірибесімен алмасты. Ақсу қ. №8 ЖОМ мұғалімі Виктория Владимировна Педосенко өз сөзінде "Өзін-өзі тану" пәні бойынша қашықтықтан оқыту форматында Google Forms пайдалану туралы айтып, қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттық технологияларды қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсетті.