
2026 жылғы 18 маусым мен 31 тамыз аралығында Павлодар облысының білім беру ұйымдарында 2026–2027 оқу жылына балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылданады. Жаңа оқу жылында өңірдегі шамамен 11 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.
Ата-аналар өтінішті бірнеше тәсілмен бере алады:
📌 ұлттық білім беру платформасы OQU арқылы;
📌 eGov.kz порталы арқылы;
📌 мектепке тікелей қағаз түрінде тапсыруға болады.
1-сыныпқа қабылдану үшін қажетті құжаттар:
📌 баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;
📌 профилактикалық екпелер картасы (№065/у нысаны);
📌 баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны);
📌 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (қажет болған жағдайда).
Өтінішті қарау мерзімі – бір жұмыс күні.
Павлодар облысының білім басқармасы ата-аналарға құжаттарды уақытылы тапсыру қажеттігін еске салады. Бұл баланың жаңа оқу жылына жайлы әрі сапалы дайындалуына мүмкіндік береді.