«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ – 2026» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2026 жылғы 12 мамыр күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ – 2026» конкурсының финалын өткізді.

Конкурс жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі дамыту үшін жағдайлар жасау, тәлімгерліктің педагогикалық тәжірибесін тарату, жас педагогтер мен олардың тәлімгерлерінің кәсіби өсуі, тұлғалық қалыптасуы, өзін-өзі жетілдіруі және өзін-өзі дамытуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізілді.

1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 20 педагог бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізді, сонымен қатар дуэттер «Мұғалімдер командаға айналғанда» атты презентацияларын  қорғады.

КОНКУРС  ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

Бас жүлде Слямғали Мөлдір Сапарғалиқызы, Ергебаева Бахытгуль Абдыхамитовна, Екібастұз қаласының «№ 5 жалпы орта білім беру мектебі» КММ.

І дәрежелі диплом - Толеген Ақерке Даулетбекқызы,  Жомартова Назым Жастлековна, Павлодар қаласының «№35 жалпы орта білім беру мектебі» КММ.

ІІ дәрежелі диплом - Бекбулатова Азира Ерсыновна, Омельницкая Анастасия Александровна, «Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ.

ІІІ дәрежелі диплом  - Айжун Арайлым Айжункызы, Асаубаева Алтын Кувандыковна, Аққулы ауданы «Шақа  жалпы орта білім беру мектебі» КММ.

Номинациялар:

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ДУЭТ -ШАБЫТ»:

Хизат Аякөз, Муратова Жамила Ергалиевна,  Баянауыл ауданының «М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ; Зекенова Диана Толеубековна, Мундуинова Асем Ерболатовна, Павлодар қаласының    «№7 жалпы орта білім беру мектебі» КММ.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ДУЭТ - ШЕБЕРЛІК»:

Тлеулес Баянды Асхатұлы, Бегенаева Гульнара Капаровна, Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» КММ; Қаржас Ақылбек Құсайынұлы, Какимжанов Олжас Кусаинулы, Баянауыл ауданының  «№2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі» КММ.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ДУЭТ - ИННОВАЦИЯЛАР»:

Кабиденова  Дильназ Амангельдиновна, Суюндикова Маржан Мансуровна, Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы» КММ; Айтбай Аймереке Бақтыбайқызы, Ахметова Менсулу Мукашевна, Павлодар қаласының «№14 жалпы орта білім беру мектебі» КММ.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталады.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!