
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Алексеевка жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Отан қорғаушылар күніне орай үстел теннисінен аудандық жарыс ұйымдастырылды.
Аталған турнирге Шарбақты ауданының әр мектептерінен іріктелген, сондай-ақ 2025 жылғы аудандық жарыстардың жеңімпаздары қатарынан шамамен 50 оқушы қатысты. Жас спортшылар ойын барысында жоғары дайындық деңгейін, шеберлігін, жеңіске деген жігерін және әрбір ұпай үшін тартысты күресті айқын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – Женіс Альтаир (Жыл-Бұлақ жалпы орта мектебі)
2 орын – Бейсат Байсұлтан (Алексеевка жалпы орта мектебі)
3 орын – Алдаберген Дарын (Алексеевка жалпы орта мектебі)
Жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттауға және аудандық деңгейде спорттық бәсекелестікті арттыруға ықпал етті.