
2026 жылғы 29 сәуірде Павлодар облысында педагогтерге арналған «Сапалы жоспарлаудан нәтижеге: сабақты қалай құруға болады, оқу үлгерімін арттыру» тақырыбында коучингтер өтті. Іс-шаралар Ақсу қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мен А. Елгин атындағы №1 мектепте ұйымдастырылды.
Коучингтің басты мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, сапалы сабақ құрудың тиімді жолдарын көрсету болды. Қатысушылар сабақ жоспарлау, жаңа оқыту әдістері, формативті бағалау және цифрлық платформаларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Педагогтер Блум таксономиясына негізделген сабақ үлгілерінің артықшылықтарын талқылап, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған тәсілдерді ұсынды. Іс-шара өзара тәжірибе алмасып, білім сапасын арттыруға серпін берген маңызды алаңға айналды.