
26 сәуірде Астанада Қазақстандағы ең ірі инклюзивті жүгіру — Run for Autism Kazakhstan 2026 өтті. Павлодар қаласындағы «Асыл Мирас» аутизм орталығының мамандары осы шараға қатысып, қолдау мен қабылдаудың үлкен қозғалысының бір бөлігіне айналды. Биылғы жылы шараға 26 қаладан келген 5000-ға жуық адам қатысты, олардың ішінде даму ерекшеліктері бар жандар да бар. 42 миллион теңгеден астам қаражат аутизм спектірінің бұзылуы бар балалары мен жасөспірімдердің кәсіби оқытуын дамытуға бағытталады — бұл олардың дербес әрі толыққанды өмір сүруіне көбірек мүмкіндік береді деген сөз.