Оқырман жастар: «Бір кітаптың сыры» байқауы қорытындыланды

Оқырман жастар: «Бір кітаптың сыры» байқауы қорытындыланды

Павлодар облысында 100-ден астам колледж студенттері мен оқытушылардың қатысуымен мазмұнды әрі рухани бай іс-шара өтті.

«Бір кітаптың сыры» байқауы өз мәресіне жетіп, оқырман мен кітап арасындағы байланыстың жаңа қырларын ашты. Байқаудың басты мақсаты — жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және оқылған шығармаларды терең талдау мәдениетін дамыту.

Қатысушылар оқыған кітаптары бойынша бейнероликтер ұсынып, шығармалардың мазмұнын ашып, өз ой-толғамдарымен бөлісті. Әрбір жұмыс шынайы оқырмандық пікір мен шығармашылық ізденістің көрінісіне айналды, — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Қазылар алқасының құрамында филология ғылымдарының кандидаты, профессор Бақытгүл Қапасова, кітапхана меңгерушісі Шолпан Шахметова және ақын Өзгеріс Қуанар болды. Олар қатысушылардың жұмыстарын әділ бағалады.

Жеңімпаздарды анықтау барысында бейнероликтердің мазмұн тереңдігі, көркемдік деңгейі, креативтілігі және көрермен белсенділігі ескерілді.

Аталған байқау кітапты насихаттаудың тиімді алаңы ғана емес, сонымен қатар жастардың дүниетанымын кеңейтіп, көркем сөзге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.