
2026 жылғы 16 сәуірде Павлодар облысында 2026 жылдың 7 айына арналған мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырыста мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру рәсімінің қорытындылары қаралды. Баяндамамен Павлодар облысы білім беру басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Айтмұхамбетова Жібек Оразбайқызы сөз сөйледі. Ол қатысушыларды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың қолданыстағы қағидалары және тәртібімен таныстырды.
Талқылау барысында белгіленген мерзімде әлеуетті жеткізушілерден өтінімдер түспегені атап өтілді. Осыған байланысты қызмет көрсетушіні анықтау мүмкін болмады.
Комиссия мүшелері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдаудың қолжетімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру рәсімін өткізілмеген деп тану және оны белгіленген тәртіпте қайта өткізу ұсынылды.
Аталған бағыттағы жұмыс ерекше қолдауды қажет ететін балаларға сапалы әрі уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында жалғасатын болады.