Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ересек адамдардың басты міндеті!

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ересек  адамдардың басты міндеті!

Құрметті ата-аналар, ауа райының жылынуына байланысты, балалар қай жақта жүретінін қадағалау қажеттігіне назар аударуыңызды сұраймыз.

Балалар арасындағы жарақаттану және ол жарақатты алдын алу – әсіресе күн жылынғаннан кейін, балалар ересектердің қарауынсыз қалып, уақытын көбіне далада өткізетін кезде күрделі әрі маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Балалардағы жарақат түрлерінің көп болуына қарамастан, олардың салдары әдеттегідей. Ең алдымен, ересектердің тарапынан байқалатын немқұрайлылық, олардың балаларды қадағаламауы, сыртқы ортаның жайсыздығы, күнделікті өмірде, көшеде, ойнағанда және спортпен шұғылданған кезде баланың абайсыздығы. Балаларға үйде қауіпсіз жағдай жасап, көшеде өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндірген жөн.

Мұғалімдердің білім беру ұйымдарында жүргізіп жатқан жұмыстарына қарамастан, көшеде, жолда, суда, спорт алаңдарында балалардың жарақаттану фактілері азаяр емес керісінше артып келеді.

Балалардың бойында жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында баламен төмендегі мәселелер бойынша қосымша жеке әңгімелесулер жүргізуіңізді сұраймыз:

- қауіптілігі жоғары орындар: жиынтық трансформаторлардың қосалқы станциялары, қараусыз қалған ғимараттар, кәріз люктері және т.б. 

- спорт алаңдары мен құрылысы аяқталмаған ғимараттардың қасына жақындамау;

- көшеде қаңғыбас иттер кездескен кездегі әрекеттер;

Балаларыңызбен қауіпсіздік ережелерін үнемі қайталаңыз! Қауіпсіздік ережелерін бұзуға болмайтынын және оның салдары қандай болатынын түсіндіруді ұмытпаңыздар!