Павлодарлық оқушы IT мен химияның көмегімен Қазақстанның күміс қазыналарын сақтаудың жолын көрсетті

Павлодарлық оқушы IT мен химияның көмегімен Қазақстанның күміс қазыналарын сақтаудың жолын көрсетті

Көне әшекейлер, сирек кездесетін тиындар, баға жетпес мұражай жәдігерлері…

Уақыт өте келе олар өңін жоғалтады. Сол сәтте олардың тарихы да ұмыт болады.

Алайда енді бұл құндылықтарға «екінші өмір» сыйлаудың жолы табылды.

Павлодардағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Василиса Кравчук «Күміс пен күкірт: ғылыми драма» атты жобасын ұсынып, нағыз ғылыми жаңалыққа қадам жасады. Бұл — жай ғана теория емес, еліміздің мәдени мұрасын сақтаудың нақты шешімі.

Жобаның өзегі — күтпеген үйлесім: IT технологиялар + химия = сақталған тарих.

Василиса қазақ халқының тұрмысында қолданылған күміс бұйымдар мен сирек тиындардың жай-күйін зерттей отырып, мұражайларды цифрлық базалары мен виртуалды каталогтарын пайдаланды.

Оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің материалдары да бар. Ең бастысы — зерттеу барысында бірде-бір жәдігерге физикалық әсер жасалмады.

Келесі кезеңде ол компьютерлік модельдеу арқылы күмістің қараюына себеп болатын күміс сульфидінің (Ag₂S) түзілу процесін зерттеді.

Және ең маңыздысы — шешім ұсынды.

Зерттеу нәтижесінде күмісті:

— зақымдамай

— тиімді түрде

— қолжетімді әдістермен тазартуға болатыны дәлелденді.

Мысалы, қарапайым ғана жүйе арқылы: алюминий – тұз – су

Жоғары дәлдіктегі фототалдау нәтижесінде күмістің табиғи жылтыры қайта қалпына келіп, беткі құрылымының өзгермейтіні анықталды.

Бұл — музей қорындағы құнды жәдігерлерді қауіпсіз түрде қалпына келтіруге болатынын көрсетеді.

Жобаның басты тұжырымы: заманауи технологиялар өткенді сақтаудың сенімді құралына айналып отыр.

Бұл жоба — жай ғана мектеп жұмысы емес.

Бұл — жаңа буынның жаңаша ойлай алатынының дәлелі: нақты, технологиялық және ұлттық мұраға деген құрметпен.

Мектеп оқушысы ғылым арқылы тарихты сақтауға үлес қосқанда — бұл тек білім емес, бұл — болашақтың бастауы.