Қазақ тілі және Қазақстан тарихы бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы

Қазақ тілі және Қазақстан тарихы бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы

Тараз қаласында 2026 жылғы 3 - 7 сәуір аралығында 9-11(12) сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезеңі өтті. Білім додасы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндер бойынша еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 270 оқушы  қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Олимпиада қорытынды бойынша алтын медаль иегері Мусабеков Береке, Баянауыл ауданы М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы, мұғалімі – Э. Б. Галиева).

Қола медальге ие болған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ  гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Тулеу Назира (қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімі - Г. К. Ахметова), № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Абдурахимова Аселя (орыс мектебіндегі қазақ тілі, мұғалімі - Г. К. Игликова), № 3 гимназиясының 11 сынып оқушысы Каирбаев Тамерлан (Қазақстан тарихы, мұғалімі - Е. Г. Таран).