
Соңғы жылдары Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайларының көбеюі алаңдаушылық туғызуда. Өткен жылдың өзінде «112» қызметіне осындай 237 оқиға тіркеліп, оның 45-і қайғылы жағдаймен аяқталған.
Бұл жағдайлардың негізгі себептері:
ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі;
терезелерде қауіпсіздік құрылғыларының болмауы немесе дұрыс
қолданылмауы;
терезе конструкцияларының балалар үшін қауіпті болуы.
ЕСКЕ САЛАМЫЗ:
Қолданыстағы нормативтерге сәйкес тұрғын үйлердегі терезелер қауіпсіздік құлыптарымен немесе арнайы шектеуіш құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
АТА-АНАЛАРҒА МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе ашық терезе жанында;
Терезе алдына жиһаз қоймаңыз (бала шығып кетуі мүмкін);
Терезелерге арнайы бұғаттауыштар мен шектеуіштер орнатыңыз;
Москит торлар баланы ұстап қалмайтынын ұмытпаңыз!
Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен сіздердің жауапкершілігіңізде. Қарапайым сақтық шаралары қайғылы жағдайларды алдын алуға көмектеседі.
Балалардың өмірі мен денсаулығы – басты құндылық!