
Биыл байқау 1 сәуір мен 15 мамыр аралығында 5 бағыт бойынша өтеді:
BabySkills – мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына арналған;
JuniorSkills – облыс оқушыларына арналған;
Abilympics – ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар мен студенттерге арналған.
Аталған бағыттар бойынша жарыстар 1–10 сәуір аралығында өңірлік колледждер базасында ұйымдастырылады.
Аграрлық колледждердің студенттері AgroSkills бағыты бойынша 12–15 мамыр күндері бақ сынайды.
13 сәуір мен 15 мамыр аралығында 39 колледжден іріктелген 353 жеңімпаз 70 құзырет бойынша өңірлік кезеңге қатысады.
5 апта бойы қатысушылар энергетика, инженерия, құрылыс, IT, машина жасау, медицина, ауыл шаруашылығы, білім беру және қызмет көрсету салаларында өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетеді.
Байқау 10 құзыреттілік орталығының, бейінді колледждер мен әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың базасында өтеді.
Негізгі құзыреттер бойынша жеңімпаздар 2026 жылдың күзінде Астана қаласында өтетін WorldSkillsKazakhstan – 2026 республикалық чемпионатына қатысу үшін өңірлік құрама сапына енеді.