
2026 жылғы 27 наурыз күні Облыстық білім беру басқармасының Ақпараттық технологиялар орталығы «Цифрландыру және жасанды интеллект жылына» орай 6–9 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиада оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі мен мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ есептеуіш ғылым, компьютерлік бағдарламалау және ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
І кезеңге 62 оқушы қатысты. ІІ кезең Павлодар қаласының С. Торайғыров атындағы мектеп базасында өтіп, оған 49 оқушы қатысып, бақ сынады.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен терең білімдерін көрсете білді. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Ұзақ интеллектуалды жарыс нәтижесінде I орынға Павлодар қ. № 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы Оразов Бахтияр Бауыржанович, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Мукат Көркемәли Дәуренұлы, Павлодар қ. № 38 ЖОМ 7 сынып оқушысы Кусанов Имран, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Бараисов Анвар Серикович
II орынға Баянауыл ауданы. Шапық Шөкин атындағы № 2 ЖОМ 7 сынып оқушысы Тайыр Диар Серікұлы, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Әбілқасан Аңсар Жанатұлы, Павлодар қ. № 17 ЖОМ 7 сынып оқушысы Горелов Марк Антонович, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Оразғали Рахат Едігеұлы
III орынға Павлодар қ. А. Байтұрсынұлы ат. инновациялық үлгідегі ЖОМ 7 сынып оқушысы Муратбеков Арлан Мирланович, дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 7 сынып оқушысы Мамытов Ильяс Талгатович, Павлодар қ. А. Байтұрсынұлы ат. инновациялық үлгідегі ЖОМ 9 сынып оқушысы Ахмадиев Рауль Эльдарович, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Власов Сергей Валерьевич ие болды.
«Тапқыр оқушы» номинациясы Павлодар қ. С. Торайғыров ат. ЖОМ 6 сынып оқушысы Ковтун Максим Николаевич, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Асетова Малика Жанатовна, дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 7 сынып оқушысы Хуаныш Нұрмұхаммед Бегжанұлы, Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Баяндинова Амира Кайратовна, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Сабиева Самира Маратовнаға берілді.
«Талпыныс» номинациясы Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Арапов Бекназар, Павлодар қ. М. Алимбаев ат. ЖОМ 7 сынып оқушысы Уалиев Асанали Рустемович, Екібастұз қ. көпсалалы баыттағы № 24 ЖОМ 9 сынып оқушысы Жакенова Аделина Кайратовна, Павлодар қ. А. Шамкенов ат. ЖОМ 8 сынып оқушысы Куаншева Ясмина Галимжановна, берілді. Павлодар қ. А. Шамкенов ат. ЖОМ 7 сынып оқушысы Нечаев Михаил Владимировичке берілді.
Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде барлық қатысушыларға облыстық орталықтың сертификаттары табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, ерекше білім көрсеткен оқушыларға түрлі номинациялар бойынша орталық басшысының мадақтамалары табыс етілді.