“АЛТЫН ТҰҒЫР” ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

“АЛТЫН ТҰҒЫР”  ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

“АЛТЫН ТҰҒЫР”  ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 27–28 наурыз күндері «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе Астана қаласының №115 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өтетін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын Тұғыр» олимпиадасының республикалық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру. Павлодар облысынан 8 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында екі күндік семинар ұйымдастырылды.

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

II дәрежелі дипломмен марапатталды:

Гулоева Анна Игоревна, Аққулы  ауданы «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі» КММ;

Туленова Гульдана Кайржановна, Павлодар ауданы «Черноярка жалпы орта білім беру мектебі» КММ;

III дәрежелі дипломға ие болғандар:

Аубакир Ақерке Советханқызы, Павлодар қаласы «Жұмабек Тәшенев атындағы ЖОББМ» КММ;

Джалбырова Айнур Жарылгаповна, Успен ауданы «М.Мәметова атындағы ЖОББМ» КММ;

Тукенова Арайлым Амангельдиновна, Тереңкөл ауданы «Қоржынкөл ауылының ЖОББМ» КММ.

Құттықтаймыз!