Павлодар оқушылары Өскемен төрінде спортта жеңіс тұғырынан көрінді

Павлодар оқушылары Өскемен төрінде спортта жеңіс тұғырынан көрінді

Павлодар оқушылары Өскемен төрінде спортта жеңіс тұғырынан көрінді

2026 жылғы наурыз айында аралығында Өскемен қаласында шаңғыдағы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ақ қар жамылған алаңда еліміздің 7 өңірінен жиналған спортшылар ептілік пен төзімділіктің нағыз сынын көрсетті.

Бұл додада Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығының «Вертикаль»  командасының 8 спортшысы Павлодар облысының намысын қорғап, өздерінің жоғары дайындықтарын дәлелдеді.

Қар үстінде карта мен компасты серік еткен жас спортшылар әр қашықтықта шеберлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.

Жеңіс тұғырынан көрінгендер:

  • Дарья Виткова — эстафетада 1 орын, спринтте 2 орын, орта қашықтықта 3 орын
  • Милана Колесникова — спринт пен ұзақ қашықтықта екі дүркін чемпион.

 

Бұл тек медаль ғана емес — бұл тынымсыз еңбектің, табандылық пен сенімнің жемісі.

- «Бұл жарыс мен үшін оңай болған жоқ — қарсыластар мықты, қашықтықтар өте күрделі болды. Өз нәтижеме қуаныштымын. Жаттықтырушыма және командама үлкен рақмет, олардың қолдауы мен үшін өте маңызды, - дейді Милана Колесникова.

Өскемендегі бұл жарыс «Вертикаль» командасы үшін тек бәсеке емес, жаңа белестерге бастар үлкен тәжірибе болды. Жеңіс жолы — әрқашан еңбек пен сенімнен басталады.