Тәжірибеге бағытталған практикалық семинар

Тәжірибеге бағытталған практикалық семинар

Аққулы ауданының жалпы білім беретін мектебінің базасында басшының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына  "Сараптамалық кеңес. Авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу" тақырыбында аудандық  семинар - практикум өткізілді.

Аталған шараға ауданның 22 мектебінен 25 орынбасар қатысты.

Кездесу мақсаты – авторлық материалдарды әзірлеу арқылы педагогтардың  кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, олардың білім беру үдерісіндегі тиімділігін бағалау және әдістемелік қолдау көрсету.

Кездесу барысында қатысушылар авторлық материалдарды әзірлеу, сараптаудың қазіргі  тәсілдерін талқылады, әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрудың стратегияларын әзірлеу барысында  қолданудың тиімді тәжірибелерін ұсынды. Практика жүзінде өнімдер дайындап, кәсіби  тәжірибе мен әдістемелік тұжырымдамамен  алмасты.

Аталған семинар-практикум педагогтардың кәсіби тұрғыда өсуінің, пікір алмасудың, авторлық материал әзірлеу арқылы  білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа шешімдерді саралау арқылы іздеудің тиімді алаңына айналды.

Жалпы алғанда семинар-практикум барысында ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар педагогтердің авторлық жұмыстарын жүйелі түрде әзірлеуге, олардың ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыруға және білім беру үдерісінде тиімді қолдануға бағытталған кең ауқымда өткізілді.