
Музыкалық колледждің студенттері Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдер арасындағы І жастар Дельфий ойындарында өз оқу орнын беделді деңгейде танытты.
Халықаралық дүркін шығармашылық дода қорытындысы бойынша Габдуллина Амина фортепиано номинациясы бойынша, ал Гадулбекова Дарина жетіген аспабы бойынша өнер көрсетіп, қола медаль иегерлері атанды. Олар жоғары орындаушылық шеберлік пен сахналық мәдениеттің үлгісін көрсетті.
Студенттердің бұл жетістігі – олардың табанды еңбегі мен талантының, сондай-ақ ұстаздары Колаян М.Х. пен Кабышева Ж.Д.-ның кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Дельфий ойындарына қатысу жас музыканттардың шығармашылық дамуына үлкен серпін беріп, әр елден келген қатысушылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, өз Елін халықаралық деңгейде танытуға жол ашты.
Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз!