«Nauryz Art» – ұлттық мұраның жаңғыруы

«Nauryz Art» – ұлттық мұраның жаңғыруы

Павлодар облысында «Ұрпақ үні» жобасы аясында өткен «Nauryz Art» облыстық көрме-байқауы өз мәресіне жетті.

Алты ай бойы оқушылар қазақтың ұлттық сандығының тарихын зерттеп, дәстүрлі ою-өрнектер мен жасау технологияларын меңгеріп, өз қолдарымен ерекше туындылар әзірледі.

Байқауға облыстың 45 білім беру ұйымынан ұсынылған жұмыстар ұлттық нақышымен, креативтілігімен және жоғары шеберлігімен ерекшеленді.

Қорытынды бойынша:
1 орын – Павлодар қаласы Б.Момышұлы атындағы мектеп
2 орын – Май ауданы Малайсары орта мектебі
3 орын – Павлодар қаласы №47 мектеп

Сонымен қатар қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, үздік жұмыстар ерекше атап өтілді.

«Nauryz Art» – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған тағылымды жоба болды.