«Табиғатты аяла – болашақты сақта!» атты видеочелленджіне 1500 павлодарлық оқушы қатысты

«Табиғатты аяла – болашақты сақта!» атты видеочелленджіне 1500 павлодарлық оқушы қатысты

«Табиғатты аяла – болашақты сақта!» атты видеочеллендж Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазалық күніне орай ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Ауқымды экологиялық бастамаға 1500 оқушы белсенді қатысып, табиғатты қорғауға бағытталған өз идеялары мен нақты іс-әрекеттерін ұсынды.

Челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа ұқыпты әрі жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өзекті экологиялық мәселелерге қоғам назарын аудару арқылы таза, жасыл болашақ үшін белсенді әрекет етуге баулу.

Қатысушылар дайындаған бейнероликтерде тазалық сақтау, табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау сынды маңызды құндылықтар кеңінен насихатталды. Бұл – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен саналы көзқарасының жарқын көрінісі.

Тазалық күні аясында өткен бұл бастама – табиғатты қорғау жолындағы ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейтін маңызды қадам. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!