Павлодардың жас таланттары әннен шашу шашты

Павлодардың жас таланттары әннен шашу шашты

Ұлыстың ұлы мерекесін Павлодар облысының білім беру мекемелері ерекше сән-салтанатпен атап өтті.

Мерекенің көркіне айналған оқушылардың әсем ән салып, мың бұралған бишілер алаңы.
«Nauryz Live» концерттік алаңы - мұнда көктемнің шаттығы мен ұлттық рух тоғысып, сахнада өнердің ғажайып көрінісі өрбиді.

Музыкалық колледж бен Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары халықтық және заманауи билерді, оркестр мен солистердің әсем әуендерін ұсынуда. Әрбір қойылым — ұлттық нақышқа толы, көз тартар костюмдермен безендірілген, көрерменге ерекше әсер сыйлайды.

Сахна төрінде «Ұрпақ үні» облыстық жобасының «Бала би», «Miras Live», «Қолөнер әлемі – ұлт айнасы» бағыттары бойынша жеңімпаз оқушылар марапатталып, үздіктер анықталды.

Бұл күн — қуаныш пен бірліктің, өнер мен шабыттың мерекесі. Наурыз — жүректерді жақындастырып, баршаға жаңару мен үміт сыйлайтын ұлы күн!