«Nauryz Smart City»

«Nauryz Smart City»

Келесі ең таңқаларлық әрі мазмұндық тұрғыдан ерекше алаңдардың бірі – «Наурыз Smart City». Бұл заманауи технология мен шығармашылық ойдың үйлесімінен туған, Павлодар өңірінің зияткерлік әлеуетін айқын танытатын бірегей жоба. Масштабы 1:25 болатын бұл шағын қала макеті жарық, дыбыс және қозғалыс арқылы тірі кеңістік әсерін сыйлап, өңірдің шынайы келбетін көз алдыңа әкеледі.

Жобаның басты ерекшелігі – оның авторларында. Бұл туындыны оқушылар, студенттер және олардың тәлімгерлері бірлесе жүзеге асырып, заманауи 3D-модельдеу, лазерлік кесу, аддитивті өндіріс секілді технологиялардың көмегімен 47 нысанды дәл әрі көркем бейнелеген.

Интерактивті шешімдерге бай макетте 3000-нан астам жарық нүктесі орнатылған. Радиобасқарылатын пойызы бар теміржол көпірі, жаңашыл білім беру нысандары мен IT Hub, сондай-ақ дыбыспен басқарылатын мешіт макеті – жобаның мазмұнын тереңдете түсетін айрықша элементтер.

Бұл жоба – тек шағын қала бейнесі емес, ол білім мен технология тоғысқан, болашаққа бастар жас ұрпақтың жарқын қадамы.