Екібастұзда балалар үшін табиғат пен еңбекке арналған мереке өтті

Екібастұзда балалар үшін табиғат пен еңбекке арналған мереке өтті

19 наурызда Наурызнама жалпыұлттық онкүндігі аясында Екібастұз қаласының білім беру ұйымдарында Жаңару күні аталып өтті.

Бұл күн табиғаттың жаңарып, тіршіліктің қайта жандануын, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды білдіреді.

Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында экологиялық акциялар ұйымдастырылып, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және еңбекке баулуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Тәрбиеленушілер практикалық жұмыстарға қатысып, дән егіп, өсімдіктің өсу процесін бақылап, дәннің нанға дейінгі жолымен танысты.

Осындай іс-шаралар арқылы балаларда еңбекке құрмет, табиғи ресурстардың маңызын түсіну және нанның қадірін бағалау дағдылары қалыптасады.