Әділдік алдында бәрі тең: бір сабақ – мың ой

Әділдік алдында бәрі тең: бір сабақ – мың ой

Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына барып, алаяқтық ісі бойынша өткен көрсетілімдік сот процесіне қатысты. Бұл сапар тек қызықты ғана емес, терең тағылымға толы тәжірибеге айналды.

Сот отырысы барысында жастар алаяқтықтың артында қандай ауыр салдар жатқанын өз көздерімен көрді:

Қоғам сенімінен айырылу;

Қылмыстық жауапкершілік пен бас бостандығынан айырылу;

Тағдырлардың талқандалуы мен абыройдың жоғалуы.

Алаяқтық — жай ғана заң бұзу емес. Ол – өзгенің үміті мен сеніміне нұқсан келтіретін, өміріне көлеңке түсіретін әрекет.

Осындай тағылымды кездесулер студенттерге адалдықтың, жауапкершіліктің және заңға құрметтің қаншалықты маңызды екенін терең ұғындырады. Сотқа жасалған бұл сапар әрбір таңдауымыздың салдары бар екенін еске салып, әділ қоғамның негізі — заңды сақтау екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.