«Наурыз көже құпиялары» - дәстүрдің дәмі, ұрпақтың мәні

«Наурыз көже құпиялары» - дәстүрдің дәмі, ұрпақтың мәні

Көктемнің шуақты күні Ұлыстың ұлы мерекесі – Наурыз қарсаңында Алтын сақа инновациялық орталығында «Наурыз көже құпиялары» облыстық байқауы өтті. Бұл шара өз деңгейінде жоғары, мазмұны бай, тағылымы терең болды. Байқаудың басты мақсаты – ұлттық тағамдарымызды дәріптеп, ата-бабадан жеткен салт-дәстүрді насихаттау, Наурыз көженің қасиеті мен дайындалу сырларын жас ұрпаққа жеткізу еді.

Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған «Аққу» клубының дарынды оқушылары өз шеберліктерін көрсетіп, шығармашылық ізденістерін паш етті. Қатысушылар сахнада өзін таныстырып қана қоймай, Наурыз көже дайындау процесін бейнеролик арқылы көрсетті және көрермендерге ұлттық дәмнен дәм татқызды. Әрбір қатысушы дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіріп, өз қолтаңбасын қалдыра білді.

Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, барлық қатысушылар марапатталды. 1 орындар Ақсу қаласының Қабылбеков атындағы орта мектебінің оқушысы Аружан Есенжолова мен Баянауыл ауданының М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Қабдулсалам Алулым және Хасымбекқызы Аякөзге бұйырды. 2 орындарды Павлодар қаласынан Кайыркен Зере, Ақсу қаласынан Мұқыш Аружан, Ертіс ауданынан Қошман Гүлім иеленді. 3 орындарға Павлодар қаласынан Табаева Диляра, Май ауданынан Қозы-көрпеш Айбибі және Павлодар қаласынан бірнеше оқушы – Сағындық Айлин, Нурмагамбетова Дильназ, Утегенова Сандуғаш, Ерғазы Ақниет, Бахитова Бақтылы ие болды.

Сонымен қатар, қатысқаны үшін сертификаттармен Аққулы, Ақтоғай, Павлодар, Железин, Успен, Шарбақты және Тереңкөл аудандарының оқушылары марапатталды.

Осындай байқаулар ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жас ұрпаққа дәстүрге деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін оятады. Наурыз мерекесі құтты болсын, ұлыс оң болып, ақ мол болсын!