«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында өткен іс-шара

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында өткен  іс-шара

Павлодар ауданында «Айқын нәтиже» жобасы мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Жастар және заң» атты аудандық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарын алдын алу және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Іс-шараға аудан мектептерінің 7–9 сынып оқушылары, құқық қорғау органдарының өкілдері және спорт ардагерлері қатысты.

Аталмыш шарада «Черноярка ЖОББМ» стадионында аудан мектептерінен 60-тан астам жасөспірім 500 м, 1 км және 2 км қашықтықтар бойынша жарысқа қатысты. Шаңғы жарысының негізгі мақсаты – жасөспірімдердің дене белсенділігін арттыру, командалық рухты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Спорттық бөлімнен кейін іс-шара Новочерноярка ауылының Мәдениет үйінде жалғасты. Диалог алаңында 7–9 сынып оқушылары құқықтық сауаттылық, жауапкершілік, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері бойынша ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл күннің қонақтары:

Павлодар ауданының прокуроры – Исаков Азимхан Бақытұлы

Полиция департаменті, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, бөлім бастығы – Тимиргалиева Ирина Александровна

Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы – Мусабеков Жанат Жасболатұлы

Білім бөлімінің басшысы – Дүйсекенова Жеміс Қобландықызы

Азия жүлдегері, спорт ардагері – Архипов Евгений Федорович

Аталған іс-шара жасөспірімдер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайтып, өскелең ұрпаққа заңға бағыну және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік берді.