
Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасымен «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығында оқушылар арасында «Сөз бен Саз» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған бұл өнер додасы жас таланттардың шығармашылық әлеуетін танытып, ұлттық өнерге құштар дарындарға жаңа мүмкіндіктер алаңын ұсынды.
Байқау «Жас ақын», «Жас дәстүрлі әнші» және «Жас күйші» номинациялары бойынша екі жас санатында өткізілді. Қатысушылар сахнада сөз өнері мен саз өнерін үйлестіре отырып, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін, рухани тереңдігін және шығармашылық шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен әр номинация бойынша І орынға ие болған үздік оқушылар ағымдағы жылдың мамыр айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Бұл байқау жас өрендердің өнерін шыңдап қана қоймай, ұлттық мәдениет пен дәстүрлі өнерді дәріптейтін маңызды шығармашылық алаңға айналды.