
Күн жылына бастағасын су айдандарындағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеміз. Көктем мезгілінде өзен, көлдер мен тоғандардағы мұз аса қауіпті. Сыртынан қарағанда мұз тығыз болып көрінгенімен, күн сәулесінің және температураның өзгеруіне байланысты, оның құрылымы тез опырылады. Көктемгі мұз жұмсақ әрі сыңғыш болып келеді және кез келген уақытта опырылып қалуы мүмкін.
Есіңізде болсын: көктем мезгілінде мұзға шығу өміріңізге қауіп төндіреді!
- көктемде мұз қалыңдығы мен беріктігін жоғалтады;
- жағалауларда, суы жылдам ағатын, көпірлер мен ағындар құятын жерлерде мұз жұқалау;
- әсіресе қара немесе сумен жабылған мұз өте қауіпті;
- бұл кезде мұзда ойнау, сырғанау және серуендеуге болмайтын білген жөн.
Балалар!
- ересектерсіз мұзға бармаңыздар;
- мұздың тығыздығын аяғыңызбен тексермеңіздер;
- егер Сіз біреудің мұздың астына түсіп кеткенін көрсеңіз, дереу ересектерге және 112 құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.
Құрметті ата-аналар!
- балалармен су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы үнемі әңгімелесіп отырыңыздар;
- балаға мұзға шығуға тыйым салу оның өмірі мен денсаулығына қамқорлық таныту дегенді білдіретінін түсіндіріңіздер;
- балалардың, әсіресе сабақтан кейін және демалыс күндері бос уақытын қадағалаңыздар.
Балалардың өмірі мен денсаулығы - біздің ортақ жауапкершілігіміз. Қырағылық танытып, кәмелетке толмағандарды су айдындарының жанында қалдырмаңыздар.