ЕНТ–2026: ата-аналар мен оқушыларға қысқаша нұсқаулық

ЕНТ–2026: ата-аналар мен оқушыларға қысқаша нұсқаулық

1️⃣ЕНТ қашан өтеді?

ЕНТ жылына 4 рет өткізіледі:

  • Қаңтар
  • Наурыз
  • Мамыр–шілде (негізгі кезең)
  • Тамыз

Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы тестілеу ақылы бөлімге түсуге арналған.

Ал мамыр–шілде кезеңінде ЕНТ-ны 2 рет тапсыруға болады, және грантқа немесе ақылы бөлімге түсу үшін ең жоғары нәтиже есепке алынады.

2️⃣ Порогтық (ең төменгі) баллдар

Мамандыққа байланысты ең төменгі шек:

  • Құқық, педагогика – 75 балл
  • Медицина – 70 балл
  • Ауыл шаруашылығы, ветеринария – 50 балл
  • Ұлттық университеттер – кемінде 65 балл
  • Басқа ЖОО-лар – кемінде 50 балл

3️⃣ Пәндерді таңдау

  • Профильдік пәндерді өтініш қабылдау аяқталғанға дейін өзгертуге болады.
  • Қаңтар, наурыз, тамыз кезеңдерінде пәндерді әр тест алдында өзгертуге мүмкіндік бар.
  • Мамыр–шілде кезеңінде, егер бірінші тест тапсырылған болса, екінші мүмкіндікте профильдік пәндерді өзгертуге болмайды.

4️⃣ ЕНТ сертификаты

  • Сертификат 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.
  • Апелляция болмаса, нәтиже жеке кабинетте бірден шығады.
  • Апелляция берілсе, сертификат шешім шыққаннан кейін 30 күн ішінде қолжетімді болады.

5️⃣ Грантқа қатысу туралы

  • Әр ЕНТ — жеке тіркелу және жеке сертификат.
  • Қаңтар немесе наурыздағы ақылы тестілеу негізгі ЕНТ-ға және грант конкурсына қатысуға кедергі болмайды.

📌 Маңызды: негізгі кезеңде екі мүмкіндік бар, сондықтан оқушылар ең жақсы нәтижесін таңдап пайдалана алады.