
Ақтоғай ауданы Қ. Ыдырысов атындағы мектеп базасында «Заманауи педагогикалық технологиялар – педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру құралы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара облыстық білім беру басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Семинарға білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдары басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты. Практикалық бөлімде қатысушылар сыни ойлауды дамыту тәсілдерін қолдану тәжірибесін көрсетіп, тұлғаға бағытталған оқыту аясында сараланған тапсырмалар әзірледі.
Сонымен қатар педагогтер «Төңкерілген сынып» моделін жүзеге асыру және сабаққа аналитикалық талдау жүргізу бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттырды. Семинар тәжірибе алмасуға және заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік берді.