
Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебінде «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – оқушылар арасында қорлау мен қысым көрсетудің алдын алу, өзара құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар буллингтің зияны, оның психологиялық әсері және мұндай жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары туралы пікір алмасты. Тренингтер мен ашық талқылаулар арқылы балалар бір-біріне жанашырлық танытудың, «тоқта» деп айта білудің және достарын қолдаудың маңызын түсінді.
Іс шараға №14, №19 және №36 мектептердің оқушылары да қатысып, өз ойларын ортаға салды. Пікір алмасу алаңы оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.